АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Энергетика министрлігі елдегі тозығы жеткен жылу электр орталықтарының тізімін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Энергетика министрлігі ЖЭО-лардың техникалық аудитін аяқтады. Тозу деңгейі бойынша жылу электр орталықтарының рейтингі әзірленді.
Жабдықтың тозу деңгейі бойынша ЖЭО рейтингі:
1.
Арқалық ЖЭО (жабдық 95,4%-ке тозған, ЖЭО 1963 жылы пайдалануға берілген);2.
Орал ЖЭО (95,3%-ке тозған, 1960 жылы пайдалануға берілген);3.
Кентау ЖЭО (92,7%-ке тозған, 1952 жылы пайдалануға берілген);4.
Қызылорда ЖЭО (88,5%-ке тозған, 1975 жылы пайдалануға берілген);5.
Тараз ЖЭО (87,2%-ке тозған, 1952 жылы пайдалануға берілген);6.
Степногор ЖЭО (81,7%-ке тозған, 1966 жылы пайдалануға берілген);7.
Қарағанды ЖЭО-2 (79,7%-ке тозған, 1961 жылы пайдалануға берілген);8.
Павлодар ЖЭО-2 (77,6%-ке тозған, 1961 жылы пайдалануға берілген);9.
Алматы ЖЭО-3 (77,0%-ке тозған, 1962 жылы пайдалануға берілген);10.
МАЭК-Қазатомөнеркәсіп ЖЭО-2 (76,4%-ке тозған, 1968 жылы пайдалануға берілген);11.
Рудный ЖЭО (76,0%-ке тозған, 1961 жылы пайдалануға берілген);12.
Алматы ЖЭО-1 (74,9%-ке тозған, 1935 жылы пайдалануға берілген);13.
Павлодар ЖЭО-1 (74,3%-ке тозған, 1964 жылы пайдалануға берілген);14.
Риддер ЖЭО (71,5%-ке тозған, 1956 жылы пайдалануға берілген);15.
МАЭК-Казатомөнеркәсіп ЖЭО-1 (70,9%-ке тозған, 1962 жылы пайдалануға берілген);16.
Өскемен, Согра ЖЭО (70,0%-ке тозған, 1947 жылы пайдалануға берілген);17.
Балқаш ЖЭО (69,3%-ке тозған, 1937 жылы пайдалануға берілген);18.
Алматы ЖЭО-2 (67,1%-ке тозған, 1980 жылы пайдалануға берілген);19.
Жезқазған ЖЭО (67,1%-ке тозған, 1952 жылы пайдалануға берілген);20.
Қарағанды ЖЭО-3 (66,0%-ке тозған, 1977 жылы пайдалануға берілген);21.
Текелі ЖЭО (65,2%-ке тозған, 1959 жылы пайдалануға берілген);22.
Қостанай ЖЭО (64,0%-ке тозған, 1943 жылы пайдалануға берілген);23.
Қарағанды ЖЭО-ПВС (62,0%-тозған, 1959 жылы пайдалануға берілген);24.
Петропавл ЖЭО-2 (54,7%-ке тозған, 1951 жылы пайдалануға берілген);25.
Атырау ЖЭО, АМӨЗ ЖЭО (54,2%-ке тозған, 1962 жылы пайдалануға берілген);26.
Павлодар ЖЭО-3 (51,2%-ке тозған, 1973 жылы пайдалануға берілген);27.
Астана ЖЭО-2 (49,1%-ке тозған, 1979 жылы пайдалануға берілген);28.
Семей ЖЭО (46,2%-ке тозған, 1934 жылы пайдалануға берілген);29.
Ақтөбе ЖЭО (41,5%-ке тозған, 1986 жылы пайдалануға берілген);30.
Қарағанды ЖЭО-1 (41,1%-ке тозған, 1960 жылы пайдалануға берілген);31.
Екібастұз ЖЭО (37,5%-ке тозған, 1973 жылы пайдалануға берілген);32.
Астана ЖЭО-1 (31,2%-ке тозған, 1971 жылы пайдалануға берілген).Министрліктің ақпаратынша, Риддер ЖЭО-да былтыр қазан айынан бері апат жиілеген. Жылу желілері жұмысының температуралық режимі 133 рет сақталмағаны анықталды. Ал жеткізілген көмір үшін "Қаражыра" АҚ алдындағы берешек 1,5 млрд теңгеге жеткен.
2022 жылы қарашада Екібастұз қаласында жылу желілерінде көптеген апат болды. Температура кестесі 94 рет сақталмаған. Қазандықтар бойынша резерв жоқ болып шықты.
Сонымен қатар Жезқазған ЖЭО-ның алты қазандығында 75 апатты жағдай болған. Ал Кентау жылу электр орталығында қазандықтардың күрделі жөндеуі 2012 жылдан бері жүргізілмеген.
Үкімет отырысында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев алдағы 2023-2024 күзгі-қысқы кезеңге сәтті дайындалу үшін мына шараларды қолға алу қажет екенін мәлімдеді:
жөндеу жұмыстарын қажетті көлемде қаржыландыру;
жоспарланған жөндеу жұмыстарының көлемін, оның ішінде ғимараттар мен құрылыстар бойынша қысқартуға жол бермеу;
энергия көздерінде отынның және қосалқы бөлшектердің нормативтік қорын жасау;
қызметкерлермен апатқа қарсы жаттығулар өткізу.