АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Астанада өтіп жатқан шахматтан әлем чемпионы атағы үшін ойынның алғашқы партиясында ресейлік гроссмейстер Ян Непомнящий мен қытайлық Дин Лижэнь тең түсті.
Матч басталар алдындағы символдық алғашқы қадамды Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов пен Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті Аркадий Дворкович жасады.
Непомнящий ақ, ал Лижэнь қара фигуралармен ойнады. Бірінші партиядан кейінгі есеп 0,5:0,5.
Екінші партия 10 сәуірде өтеді.
Матчтың жалпы жүлде қоры – 2 миллион еуро. Жеңімпаз 60%, жеңілген 40% алады.