АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik Қарағандылық полицейлер үйді жарамын деп қорқытқан азаматты ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.
9 сәуір күні кешкі сағат 18.58 шамасында полицияға қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде үйдің дәлізінде түтін және кенеттен дауыс шыққаны туралы хабарлама түсті.
"Оқиға орынына келген патрульдік полиция жасағы жіберілді. Сол үйде тұратын азамат ішімдік ішкен күйде пәтерінің есігін жауып алып, үйдегі газ баллонын жарамын деп қорқытқаны белгілі болды", - деп жазылған хабарламада.
Полиция қызметкерлері және Теміртау қалалық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері көпқабатты үйдің тұрғындарын эвакуациялау жұмыстарын жүргізіп, оқиға орнын қоршауға алды. Сағат 20.20 шамасында полиция қызметкерлері 35 жастағы азаматты ұстады.
Аталған факт полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән жайы анықталуда.