Балқаш тұрғыны үйдің кіреберісін ерекше әдіспен безендірді – фото

Sputnik
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Балқаш қаласының тұрғыны өзі тұратын үйдің кіреберісін мозаикалық суреттермен безендірді.
65 жастағы Юрий Воробьев Балқашта бұрыннан бері тұрады. Өмір бойы жергілікті комбинатта дәнекерлеуші, одан кейін шебер болып жұмыс істеді. Ал зейнетке шыққаннан кейін пластикалық бөтелкелердің қақпағын жинауға кірісті. Одан сан алуан композициялар жасай бастаған.
"Мен тамбурдың есігінен бастадым, содан кейін еденді, артынан қабырғаларды безендірдім. Осылайша, жолбарыс, қоян, марғау пайда болды. Көршілерге ұнайды. Өзімнің кіреберісімді төрт жыл бұрын безендіруге кірістім", - дейді Воробьев.
Шебердің кіреберісін көршілер ғана емес, қала тұрғындары да жақсы біледі. Суретке түсуге асығатындар аз емес.
Балқаш тұрғыны кіреберісті пластик бөтелкелердің қақпағымен безендірді
"Өнерімнің адамдарға ұнайтынына қуаныштымын. Мұны шын жүректен жасаймын. Әдемі және жайлы тұрғанымызды қалаймын", – деп атап өтті шебер.
Балқаш тұрғыны кіреберісті пластик бөтелкелердің қақпағымен безендірді
Қақпақтан кіреберіске еден төсеу үшін шамамен бес күн қажет. Юрий қақпақты плитка желіміне жабыстырады. Ал оны жинауға көп уақыт кетеді.
Балқаш тұрғыны кіреберісті пластик бөтелкелердің қақпағымен безендірді
"Маған достарым мен таныстарым көмектеседі. Кейде өзім қаланы аралап жүріп жинаймын. Менің кіреберісіме 60 мыңға жуық қақпақ қажет болды. Қазір түрлі түсті қақпақтар өте көп. Кез келген композицияны жасай аласыз. Шындығында бұл қиын емес. Ең бастысы – ниет", - деді ол.
Балқаш тұрғыны кіреберісті пластик бөтелкелердің қақпағымен безендірді
Сондай-ақ шебер туыстарына қақпақтан портативті суреттер жасайды. Оларды нейлон жібімен біріктіреді. Жалпы екі қабатты безендіруге төрт жыл уақыт кетіпті.
Житель Балхаша украсил подъезд мозаичными картинами из пластиковых крышек