АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиев Астанаға ресми сапармен келді. Оны әуежайдан премьер-министр Әлихан Смайылов күтіп алды.
Әлиев Қазақстан астанасына республика президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келді.
Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиев Астанаға ресми сапармен келді
© Photo
Екі мемлекет басшылары шағын және кеңейтілген құрамда кездесулер өткізеді. Келіссөздердің күн тәртібінде Қазақстан-Әзербайжан стратегиялық серіктестігін дамытудың негізгі мәселелері бар, деп хабарлады Ақорда.