АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Қазақстан аумағынан пиязды әкетуге салынған тыйым алынды, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
Бұл ретте 8 сәуірден 28 сәуірге дейін республика аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың мемлекеттері мен үшінші елдерге пияз әкетуге 20 000 тонна мөлшерінде сандық шектеулер (квоталар) енгізілді.
"Квотаның бүкіл қолданылу мерзімі кезінде тауарларды әкетуге бір өтініш беруші үшін рұқсат етілген лимит белгіленеді, ол жиынтығында 500 тоннадан аспайды", - делінген хабарламада.
Еске салсақ, Қазақстан 28 қаңтардан бастап пияз экспорттауға үш айға тыйым салған болатын. Ал наурыз айының басында қазақстандық шаруалар қоймалардағы пияз шіріп жатқанына шағымданып, тыйымды алып тастауды сұрады.