Францияда тұрғын үй құлады

Sputnik
АЛМАТЫ, 9 сәуір – Sputnik. Франциядағы Марсельдің орталығында тұрғын үй құлады, деп хабарлады DW порталы.
Қала мэрі Бенуа Пайян оқиғаның 9 сәуір, жексенбіге қараған түні жергілікті уақыт бойынша сағат 00.40 шамасында болғанын айтты. Тиволи көшесіндегі №17 үй құлады, деді ол.
Билік оқиғаның себебін және зардап шеккендердің санын анықтап жатыр. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары эвакуацияланды. Кем дегенде екі адам жеңіл жарақат алды, деп жазды la Provence.
Паян оқиға орнындағы іздеу жұмыстарына өрт кедергі келтіріп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ қала басшысы үйдің құлауына газ жарылысы себеп болуы мүмкін екенін айтты.
Бұл оқиға соңғы жылдардағы Марсельдегі ең үлкен ғимарат апаты болды.
Оқиға
Ақтөбеде екі қабатты ғимарат опырылып құлады: іште бес адам болған