АЛМАТЫ, 9 сәуір – Sputnik. Ақмола облысында 4 жасар бүлдіршін кәріз құдығына құлап көз жұмды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
8 сәуір сағат 22.00 шамасында Целиноград ауданының полициясынан Қараөткел ауылының тұрғыны 4 жасар ұлын тауып беруді өтінген.
Ата-анасының айтуынша, сағат 17.30 шамасында аулаға серуендеуге шыққан бала қайтып оралмаған.
Полиция қызметкерлері баланың денесін үй жанындағы кәріз құдығынан тапты.
Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.