Қоғам

Америкалықтар асырап алған қазақ қызы ата-анасын іздеп жүр

Sputnik
АЛМАТЫ, 9 сәуір – Sputnik. 23 жыл бұрын АҚШ азаматтары асырап алған қазақ қызы Сабина Джентри қазақстандықтардан биологиялық ата-анасын іздеп табуға көмектесуді сұрады. Ол өзінің хабарламасын әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ол биологиялық ата-анасын іздеп жүргенін Қазақ-Америкалық қауымдастығы ұйымының әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Айтуынша, оны 2000 жылы қазан айында Астанада асырап алған. Сондай-ақ ол туған ағасы барын айтты.
"Мен бірнеше жылдан бері биологиялық ата-анамды іздеп жүрмін. 2000 жылы 27 ақпанда Астана қаласында дүниеге келдім. Туған анамның аты –Гүлнар Мухадинқызы Ыдырысова, ал биологиялық әкем – Асқар Ыдырысов. Ал өзімнің толық биологиялық атым – Сабина Асқарқызы Ыдырысова. Мен туған кезде анам 29 жаста болған. Сол кезде анам екінші сәбиге жүкті болғаны көрсетілген. Сондықтан менің ағам бар деп ойлаймын", – деп жазды Сабина.
Ол туған жылы америкалықтар оны асырап алып, Вирджинияға алып кеткен. Қазір Сабина колледж бітірді, Джорджия штатындағы Атланта қаласында тұрып жатыр.