АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионы Нора Джеруто рұқсат етілмеген зат қабылдады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды vesti.kz.
27 жастағы Нора Джеруто AIU шешімімен жарыстан уақытша шеттетілді. Істің мән-жайы анықталып жатыр.
Джеруто Қазақстанның жеңіл атлетика тарихында алғаш рет әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алған. Джеруто Қазақстан құрамасында ойнауға рұқсатты 2022 жылы алған.
Ал 2018 жылы Қазақстан азаматы ретінде тіркелді.