АЛМАТЫ, 8 сәуір – Sputnik. "Уылдырық" жедел алдын алу іс-шарасы аясында Түркістан облысы Мақтарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ”Охотзоопром“ инспекторларымен бірлесіп, заңсыз балық аулау фактісін анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға орнынан жалпы 150 келідей сазан балықтары, 1 дана үрмелі резеңке қайығы, 2 дана шанышқы құралы тәркіленді.
Бұл факті Қылмыстық кодекстің 335-бабы 3-бөлігі “Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу“ бойынша тіркелді.