Шығыс Қазақстанда ерекше аялдама пайда болды

Sputnik
АЛМАТЫ, 8 сәуір - Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласында өртке қарсы аялдама пайда болды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Автобус күтіп аялдамада тұрған жолаушы өрт қауіпсіздігі туралы ақпарат біле тұрады. Мұндай профилактикалық "объектіні" ашу идеясын жергілікті ТЖ бөлімінің құтқарушылары ойлап тапқан.
"Біздің өңірде азаматтарды оқыту және өрт қаупі бар кезеңде өртке жол бермеу үшін біз әдеттен тыс әдісті қолдандық. Қазіргі әлемде адамдар, әдетте, әрқашан бір жерге асығады, олардың уақыты жоқ, ал автобусты күтіп тұрған кезде 10-15 минут уақыт болса, құтқарушылардың ұсынымдарына назар аударуға болады", - дейді Шемонаиха қаласы ТЖБ бастығы Арман Наурызбаев.
Сондай-ақ аялдамада құтқарушы мамандығын қалай және қайдан алуға болатындығы туралы да ақпарат бар.