АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. ҚТЖ Әзербайжан теміржол байланысын нығайтуда, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
2022 жылы Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы темір жол көлігімен тасымал 2021 жылмен салыстырғанда 4 есеге өсіп, 3 млн тоннадан асты.
"Астық, тау-кен металлургия өнімдерінде тасымал өсімі байқалды. Қазақстаннан тарапынан, соның ішінде Әзербайжан арқылы экспорт көлемі 7 есеге ұлғайып, 2,7 млн тоннаны құрады.2023 жылдың 1 тоқсанында елдер арасындағы тасымал өткен жылмен салыстырғанда 40%-ға ұлғайды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар Әзербайжан тарапымен бірлесіп қозғалысты жоспарлау және үйлестіру үшін виртуалды диспетчерлік орталық құрылды.