АЛМАТЫ, 8 сәуір – Sputnik. Тереңкөл ауылының тұрғыны анасын пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы және жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
4 сәуір күні таңертең жедел жәрдем станциясына Павлодар облысы Тереңкөл ауылынан қоңырау түскен. Оқиға орнына барған дәрігерлер 1961 жылғы әйелдің мәйітін тапты, марқұмның денесінде пышақ іздері болған. Дәрігерлер ауыл тұрғынының биологиялық өлімін тіркеді.
Сондай-ақ үйде 1987 жылы туған ер адам болған, ол өзіне пышақ салып, сол жақ білегін жаралаған. Ол орталық аудандық ауруханаға жеткізілді, оған операция жасалды.
Ер адам дәрігерлерге анасын пышақтап, сосын өзі суицид жасамақ болғанын айтқан.
Полиция тергеу жүргізіп жатыр.