Коронавирус жұқтырған үш адамның жағдайы ауыр

Sputnik
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Өткен тәулікте 77 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
8 сәуірдегі мәлімет бойынша, 1860 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 180 пациент стационарда, 1 680 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Коронавирусқа шалдыққандардың арасында 3 адамның жағдайы ауыр.