Түркістан мен Ташкент облысы арасында туристік автобус қатынайды

Қазақстан мен Өзбекстан арасында туристік автобустар жүреді
Sputnik
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Түркістан мен Ташкент облысының әкімшілік орталығы Нурафшан қаласы арасында туристік автобустар қатынайды, деп хабарлады Ташкент облысының әкімшілігі.
Әкімшіліктің мәліметінше, автобустар бір жылда осы бағыт бойынша 10 мыңға дейін адамды тасымалдайды.
Сонымен қатар туристер бес күндік турда көрікті жерлерді тамашалай алады.
Жоба туристік әлеуеті жоғары Бостондық, Паркент, Зәңгіата, Ахангаран, Чиназ аудандары мен Ангрен қаласын қамтиды, кейінірек өңірдің басқа аймақтарына да сапарлауға мүмкіндік жасалады.