АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын 75 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
"Бүгін – Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні. ДДСҰ-ның құрылғанына 75 жыл толып отыр. Біз әлем халқының денсаулығын нығайту жөніндегі Ұйымның қажырлы қызметін құптаймыз. Қазақстан денсаулық сақтау саласының барлығына қолжетімді әрі әділ болуын толық қолдайды", – деп жазды мемлекет басшысы Твиттерге.