Қорғаныс министрлігі Ресейге әскери техника жөнелтілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды

Sputnik
АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Қазақстанның қорғаныс министрлігі Ресейге әскери техника жөнелткені туралы хабарламаны жоққа шығарды, деп жазды Stopfake.kz.
Әлеуметтік желіде және мессенджерлерде 2023 жылдың 6 сәуірінде Қарағанды облысында түсірілген видео тарады. Оған берілген түсініктемеде әскери техниканың Ресейге жөнелтіліп жатқаны жазылған.
"Әлеуметтік желілерде тараған қазақстандық әскери техниканың Ресейге жөнелтіліп жатқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Видеода көрсетілген техника жауынгерлік даярлық бойынша жоспарлы жаттығулардан қайтып келе жатыр. Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 27 тамыздан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынды", – деп хабарлады ведомство.