ОПЕК+ мұнай өндірісін қысқарту туралы шешім қабылдады: нарыққа әсері қандай

Sputnik
Америкалықтар саудиялықтарды көп мұнай өндіруге көндіруге көптен тырысты және олар бағаны түсіріп, Ресей бюджетіне нұқсан келтіруді көздеді. Бірақ ОПЕК+ өндірісті қысқарту туралы шешім қабылдады. Қазір Brent мұнайының бағасы шарықтап, барреліне 100 долларға жақындады, нарықта тапшылық ықтималдылығы жоғары. Ал Вашингтондағылар инфляцияның өсуіне және жанар-жағармай бағасының қымбаттауына дайындалып жатыр, деп жазды РИА Новости.
Шикізат нарығындағы тұрақсыз жағдайды алға тартып, бірнеше ОПЕК+ елі мұнай өндіруді қысқартты. Атап айтқанда, Мәскеу мен Эр-Рияд тәулігіне 500 000 баррельге дейін азайтты. Ирак, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт, Қазақстан, Алжир, Оман және Габон жалпы қысқарту тәулігіне 1,66 миллион баррельді құрайтынын жариялады.
"Жауапты және алдын алу шарасы ретінде Ресей тәуелсіз дереккөздерге сәйкес анықталған ақпандағы орташа өндіру деңгейінен2023 жылдың соңына дейін мұнай өндіруді тәулігіне 500 000 баррельге ерікті түрде қысқартуды жүзеге асырып жатыр", - деді ресейлік вице-премьер Александр Новак.
Бұл нарық үшін күтпеген жағдай болды: олар картель өндірісті бұрынғы деңгейде сақтайды деп сенді. Нарық сұранысы мен ұсынысын талдау кестесіне сәйкес емес, жоспардан тыс шешім қабылданғаны да бақылаушыларды таңғалдырды. Осы жағдайға байланысты мұнай бағасы бірден көтерілді. Brent бағасы бір жылдағы ең жылдам қарқынмен шарықтап, барреліне 87 долларға дейін қымбаттады.
"Осылайша Ресей мен Сауд Арабиясы нарықтан тәулігіне қосымша миллион баррельді алып тастайды. Бұл Қытай экономикасының ковид шектеулерінен кейін толық ашылуына байланысты қара алтынға сұраныстың қатты өсуі ықтимал екеніне қарамастан жасалып жатыр. Wood Mackenzie бағалауынша, мұнайға әлемдік сұраныс тәулігіне 2,6 миллион баррельге артады және оның бір миллионын Қытай алады", - деп жазды РИА Новости.
Өткен жылдың қараша айынан бері өндірістің екі миллионға қысқаруымен бірге ОПЕК+ қабылдаған жаңа шешім әлемдік сұраныстың үш процентіне әсер етеді. Нәтижесінде жинақталған төмендеу тәулігіне 3,66 миллион баррельді құрайды.
Сарапшылар ОПЕК+ маневрі екінші жартыжылдықта айтарлықтай мұнай тапшылығына, нарықтық шиеленіске және шикізат құнының өсуіне әкеледі деп болжап отыр. Goldman Sachs болжамы бойынша, Солтүстік теңіздегіBrent мұнайы желтоқсанға қарай барреліне 95 долларға жетеді.
"ОПЕК+ баға деңгейіне өте жоғары ықпалы бар. Күтпеген қысқарту олардың алдын алу туралы жаңа доктринасына сәйкес келеді", - деді банк сарапшылары.
"ОПЕК+ ең алдымен бағаны өндіруші елдерге қолайлы деңгейде ұстап тұруды көздейді. Сондықтан алдағы бірнеше айдағы85-90 доллар деңгейіндегі баға көрсеткіші шындыққа жақын", - деді мұнай-газ саласына арналған технологияларды әзірлеуші "ВОРМХОЛС Внедрение" компаниясының бас директоры Олег Журавлев.
АҚШ бұл шешімге қатты наразы. "ОПЕК+ шешімі өкініш тудырып отыр. Баға белгілері туралы әлі сенімді ештеңе айта алмаймын", - деді қаржы министрі Джанет Йеллен.
Енді Батыс елдерінде және мұхиттың арғы жағында инфляция одан әрі үдеп, бензин бағасы көтеріледі. Clearview Energy Partners мәліметінше, АҚШ-та жанармайдың бір галлонына26 цент қосылады. Жазға қарай төрт доллар болады.
Өткен жылы АҚШ-та инфляция 9,1 процентке артып, соңғы 41 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті. 2023 жылы баяулағанымен, әлі де мақсатты деңгейге жуықтаған жоқ.
"Сарапшылар инфляцияның одан әрі күшейетінін болжайды. Ақ үй қазір382 миллион баррельді құрайтын стратегиялық мұнай қорын қайтадан пайдалануы мүмкін. Дегенмен Вашингтон мұнай қорының бір бөлігін нарыққа шығару арқылы бағаны реттей алмағанын тәжірибе көрсетті", - деп жазылған материалда.
"Brent психологиялық маңызды100 доллар деңгейіне көтеріле алады, бұл, әрине, онсыз да жоғары инфляцияға әсер етеді. Америка экономикасында стагфляциялық жағдай болуы мүмкін", - деп есептейді Capital Lab серіктесі Евгений Шатов.
Capital Lab серіктесі Евгений ШатовBrent 100 доллар деңгейіне көтерілуі ықтимал екенін және бұл онсыз да жоғары инфляцияға сөзсіз әсер ететінін, соның салдарынан Америка экономикасында стагфляциялық жағдай болуы мүмкін екенін айтты. Жалпы мұның барлығы 2024 жылдың күзінде өтетін президент сайлауы қарсаңында Демократиялық партияның беделіне орасан зор нұқсан келтіріп тұр.
Ал экономист Леонид Хазанов бензин мен дизель отыны АҚШ-та да, Еуроодақта да қымбаттап жатқанын айтты. Оның пікірінше, энегетикалық дағдарыс қайта күшейіп, инфляцияны үдетіп жатыр және бұл жаппай баға қымбаттауы, халық наразылығы және саяси пікірталасқа әкеледі.
Сауд Арабиясы ОПЕК+ шешімі тек экономикалық ұстанымдарға негізделгенін баса айтты. Дегенмен картельдің тек нарықтық факторлар ғана емес, өз мүдделері үшін әрекет ететіні анық.
Шатовтың айтуынша, АҚШ пен Сауд Арабиясы инвестициялық сауда келісіміне қол қойды. Дәстүрлі түрде Эр-Рияд Вашингтонның Таяу Шығыстағы басты одақтасы, аймақтағы ең қуатты экспорттық нарықтардың бірі, сонымен қатар негізгі несие беруші болып табылады.
"Осыған қарамастан, Таяу Шығыстағы қара алтын өндірушілері анық Ресей жағына шықты. Олар енді америкалықтардың пікірімен санаспайды. Арабтар нарықтағы тұрақтылықты сақтау үшін Мәскеумен ынтымақтастық орнатты", - деп жазды жапондық қаржы газеті Nihon Keizai.
Бірақ Эр-Рияд пен Вашингтонның қарым-қатынасы нашарлады. 2022 жылдың қазан айында Джо Байден саудиялықтар мен Ресейді АҚШ-тағы бензин бағасының қымбаттауына себепкер деп айыптады. Сауд Арабиясының ханзадасы Мұхаммед ибн Салман Әл Саудты өндірісті ұлғайту бойынша құпия келісім жасауға көндіруге тырысты. Бірақ бұл жоспар орындалмай, өндіріс тәулігіне екі миллион баррельге қысқарды. Осылайша саудиялықтар америкалықтарға өздерінің жеке саясаты бар және мұнымен санасу керек екенін тағы бір рет көрсетті.
"АҚШ пен Еуроодақтың Ресейге қатысты қарым-қатынасын көріп, Таяу Шығыс та бұл "ойыннан" тыс қалмауға шешім қабылдады. Бір жағынан, араб жеткізушілеріне еуропалық нарықта ресейлік бәсекелестердің орнын алу тиімді, екінші жағынан, қара алтынды арзан бағамен жөнелтудің олар үшін мәні жоқ", - дейді Хазанов.
Аналитиктің айтуынша, Еуропалық нарықтағы өз рөлін нығайта отырып, Ресейдің Таяу Шығыстағы серіктестері Мәскеуді қолдауға және бағаның құлдырауына жол бермеуге келіскен сияқты.