Экономика

Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Sputnik
АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов орталық Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Жиынға мемлекеттік органдар, Бас прокуратура, БҚДА, ҚМА және басқа да ведомстволар басшылығы қатысты. Олар мұнай-газ саласының маңызды инфрақұрылымдық объектілерін мемлекет меншігіне қайтару барысын, теміржол жүк тасымалы нарығындағы жасанды монополияларды жою жөніндегі шараларды және астық тасымалдау нарығы субъектілерінің жауапкершілігін арттыру тетіктерін талқылады.
Премьер-министр алдағы уақытта нақты экономикалық нәтижелерге қол жеткізу үшін басталған істер бойынша рәсімдерді және жалпы экономиканың негізгі секторларын демонополизациялау қарқынын жеделдетудің маңызын атап өтті.
Үкімет экономиканы 4%-ға өсіріп, инфляцияны 2 есе төмендетуге кірісті