АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Ақтау – Шымкент бағыты бойынша ұшқан ұшақ Шымкент қаласында әуежайдың ұшу-қону жолағындағы жөндеу жұмыстарына байланысты Алматыға қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды FlyArystan баспасөз қызметі.
Шымкентке ұшып шығу уақыты 6 сағатқа кейінге шегерілді.
"Алматыдан "Ақтау – Шымкент" КС7578 рейсін орындау үшін әуе компаниясына ұшақтың тиісті дайындығын жүргізу қажет. Алайда "деструктивті" жолаушылардың борттан түсуден бас тартуына байланысты аталған процедураны орындау мүмкін болмай отыр", - деп атап өтті жолаушылар тасымалы.
Әуе компаниясы рейс олардың кінәсінен кешікпегенін атап өтті.
"Алматыға ұшып келгеннен кейін жолаушыларды түсіру кезінде 15 деструктивті жолаушы ұшақтан шығудан бас тартты. Осыған байланысты қызметкерлер желілік ішкі істер бөлімін шақыруға мәжбүр болды", - деп мәлімдеді әуе компаниясы.
Кейінірек жолаушылармен болған проблема шешілген.