АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында жүк көлігі аударылып қалды.
Жол апаты Өскемен-Алтай-Катонқарағай-Үлкен Нарын-Рахманов қайнары тасжолында болған, деп хабарлады Altaynews.
Облыс экология департаменті оқиғаның мән-жайын айтты. Жүк көлігі тасжолдың 136-шы шақырымында жеңіл көлікпен соқтығыс аударылған.
"Цистернадан жерге шамалы ғана күкірт қышқылы төгілді", - дейді облыстық экология департаментінің өкілдері.
Мамандар күкірт қышқылының құрамын және топыраққа қаншалықты сіңгенін анықтау үшін сынама алды.