Қостанай облысында ауыл тұрғындары эвакуацияланды

Sputnik
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Қостанай облысында Қарамырза ауылын су басты. Халықты қауіпсіз жерге көшіруге тура келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Қостанай облысы Қарамырза ауылы
Ресми мәліметке сәйкес, бір күннің ішінде Қарасу ауданындағы Түнтігүр өзенінде судың деңгейі 23 сантиметрге көтерілді. Еріген қардың суы да көп. Содан 6-7 сағаттың ішінде Қарамырза ауылына су кірді.
Қостанай облысы Қарамырза ауылы
"Түнде тұрғын үйлер мен аулаларды су басты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Құтқарушылар тұрғындарды су басу аймағынан алдын ала эвакуациялады. Өз еркімен көрші көшелерде тұратын 23 адам туыстарының үйлеріне орналастырылды", - дейді құтқарушылар.
Қазіргі кезде Қарамырза ауылында 35 үйді және 60 үй-жайды су басты. Түнтігүр өзенінің деңгейін және еріген қар суын бақылайтын 2 бекет қойылды.