АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Көкшетауда 16 жасар қыз із-түзсіз жоғалып кетті. Полиция іздеу жариялады, деп хабарлайды Ақмола облыстық полиция департаменті.
Оның жоғалғаны туралы арыз 5-сәуірде түскен. Полицияға көмекке жүгінген әйел 2006 жылғы кәмелеттік жасқа толмаған сіңілісі Тойбазар Лейла Асхатқызының жоғалғанын айтты.
Өтініш иесінің сөзінше, жоғалған қыз 2023 жылғы 4 сәуірде сағат 16:00 шамасында үйінен шығып кеткен. Содан хабарсыз, қайда екені белгісіз.
Жоғалған қыздың белгілері: бойы - 150-155 см, дене бітімі арықша келген, шашы қара, қысқа қиылған, көздері - қоңыр.
Үстінде күңгірт жасыл түсті күрте, қара түсті шалбар, қара түсті кроссовка киген.
"Жедел-іздестіру іс-шараларына Көкшетау қаласы полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылды, кәмелетке толмаған қыздың тұратын ауданындағы бейнебақылау камераларының жазбалары зерделенуде, қаланың басқа аудандары да пысықталуда, қыздың жақын туыстары мен достары сұралды. Жоғалған адамды табуға еріктілер де көмектесуде", - деді ведомстводан.