Алматыда жалған 10 мың теңгелік банкноттар сатылған

Sputnik
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Алматы қаласында 10 000 теңгелік жалған банкноттарды сатумен айналысқан қылмыстық топ анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Тінту кезінде жалған банкноттар, ұялы телефондар және басқа да заттай айғақтар тәркіленді. Қазіргі кезде күдіктілердің бірі қамауға алынды.
"Екінші күдіктіні ұстау бойынша жедел іздестіру іс-шаралары басталды. Сондай-ақ басқа адамдардың осы заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", - дейді агенттік мамандары.
Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 231-бабы (Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған әрекет) бойынша жалған ақша сатқаны үшін бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттері арқылы жалған доллар сатылды