АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Алматы облысында күтуші әйелдің үйінде қалған бала қайтыс болды. Полиция адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 25 наурызда Талғар аудандық полиция басқармасына арызданған әйел 30 жастағы бала күтушісіне қатысты шара қолдануды талап етті. 2 жасар баласы соның үйінде қайтыс болды.
Күтуші оған 5-6 айдан бері қарап жүрген. Бас кезінде полиция Қылмыстық кодекстің 141-бабы, 2-тармағы (Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау, абайсызда жас баланың өліміне әкеп соққан әрекет) бойынша қылмыстық іс қозғады. Кейіннен оны 99-бапқа (Адам өлтіру) ауыстырды.
Бүгін Талғар аудандық полиция басқармасының тергеушісі прокуратураға күдіктіні екі айға қамауға алуға өтінішхат жолдады. Оның өтініші тергеу сотында жіберілді.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі шаралар жалғасып жатыр, бірнеше сараптама тағайындалды.