Семейлік құтқарушылар шатыры құлаған үйден әйел мен баланы аман алып шықты

Sputnik
АСТАНА, 5 сәуір – Sputnik. Семей қаласының құтқарушылары құлаған шатыр үйіндісінің астынан әйел адам мен баланы құтқарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқыс оқиға бүгін таңертең болған. Үш баласы бар ерлі-зайыпты үйінді астында қалды. Құтқарушылар үйінді астынан 1982 жылы туған әйелді, 2022 жылы туған жас баланы алып шықты.
Семей, құтқарушылар
Құтқару бөлімшелері келгенге дейін үй иесі мен оның 2012 жылы туған қызы өз бетінше шықты, ал 2020 жылы туған баланы көршісі құтқарды.
Жедел медициналық жәрдем дәрігерлерінің қарауынан кейін зардап шеккендердің барлығы Семей қаласының ауруханасына жатқызылды.