Фото

Көктем келді: әлем елдеріндегі гүлге оранған ағаштар мен алқаптар – фото

Түрлі елдерге көктем әр алуан жолмен келеді: бұл еріген қар, нөсерлі жаңбыр, ағаштардың гүлдеуі, жайқалған жасыл желек болуы мүмкін. Бұл маусымда барлық тіршілік иелері оянып, айнала қыбыр-жыбыр тіршілікке тола бастайды.
Sputnik
Ғаламшардағы көктем әлемнің түрлі аумағында қалай көрініс табатынын суреттер топтамасынан тамашалаңыздар.
1 / 13

Көктем – ояну мен қайта түлеу кезеңі. Суретте: ерлі-зайыптылар Италияның Арезе қаласындағы қызғалдақ алқабында суретке түсіп жатыр.

2 / 13

Көктем әр елде әр уақытта келеді және әр түрлі сипатта болады. Суретте: Қытайдағы алмұрт ағаштарының гүлдеуі.

3 / 13

"Краснодар" саябағындағы гүлдеген алхоры ағашының жанында қыздар селфи түсіріп тұр.

4 / 13

Жапон шиесі – сакура – Жапониядағы көктем символы. Суретте: Токиодағы Китаномару саябағында гүлдеген сакура ағаштарын аралап жүрген адамдар.

5 / 13

Қытайдың шығысындағы Цзянсу провинциясындағы Суцянь қаласында адамдар алмұрт гүлдерінің арасында серуендеп жүр.

6 / 13

Қытайдағы гүлдеген рапс.

7 / 13

Вашингтондағы гүлдеген шие ағашы.

8 / 13

Нидерландыдағы Лиссе қаласында гиацинт алқабының жанынан өтіп бара жатқан көлік.

9 / 13

Әйелдер Вашингтондағы гүлдеген сакура ағаштарының жанында суретке түсіп жатыр.

10 / 13

Палестиналық ер адам түймедақ алқабында балалармен селфи жасап жатыр.

11 / 13

Мюнхендегі гүлдеген сакура, Германия.

12 / 13

Грекиядағы Сунион мүйісіндегі ежелгі Посейдон ғибадатханасының алдындағы шегіргүл.

13 / 13

Вирджиния штатының Арлингтон қаласындағы гүлдеген сакура ағашының алдында әйел адам суретке түсіп жатыр.