АСТАНА, 5 сәуір - Sputnik. Елордада үшем дүниеге келді. Олар – биыл дүниеге келген алғашқы үшем.
Жыл басынан бері Астанада 7 мыңнан астам сәби өмірге келді, деп хабарлайды қалалық денсаулық сақтау басқармасы.
Дүиеге үш баланы қатар алып келген әйел біден көпбалалы ана атанды. Енді оның алты баласы бар.
Әсел Шонтаева отбасымен бірге былтыр тамыз айында Жамбыл облысы Қордай ауданынан қоныс аударған.
Үшемдердің екеуі қыз, біреуі - ұл. Қала тұрғыны №3 көпбейінді қалалық аурухана дәрігерлеріне ризашылығын жеткізді.
Қуаныш иесін арнайы құттықтау үшін Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов барды.
Сәния, Самира және Айсұлтан есімді сәбилердің денсаулығы жақсы.