АСТАНА, 5 сәуір - Sputnik. Алакөлге баратын пойыздардағы жолаушы орындарының саны өткен жылмен салыстырғанда 6% -ке өседі, деп хабарлайды Қазақстан теміржолы.
"Жолаушыларға 276 мыңнан астам орын ұсынылады. Алакөл бағытында жолаушылар пойыздары Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан 11 бағыт бойынша жүруді жалғастырады", - делінген ақпаратта.
Алғаш рет "Астана – Достық" бағыты бойынша "Тальго" пойызы іске қосылады. Қазіргі уақытта "Жолаушылар тасымалы" әкімдіктермен, авиатасымалдаушылармен және туроператорлармен бірлесіп Шымкент, Павлодар, Өскемен, Қызылорда қалаларынан Алакөлге дейін интермодальдық тасымалдарды қалыптастыру мүмкіндігін қарастыруда.