Тоқаев тағы үш министрді қайта тағайындады

Sputnik
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Юрий Ильин, Саясат Нұрбек және Ербол Қарашөкеев бұрынғы қызметінде қалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Юрий Ильин төтенше жағдайлар министрі, Саясат Нұрбек ғылым және жоғары білім министрі, Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашылығы министрі болды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Әлібек Қуантыров ұлттық экономика министрі, Асхат Оралов мәдениет және спорт министрі Азамат Есқараев әділет министрі, Тамара Дүйсенова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Марат Қарабаев индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып қайта тағайындалған болатын.
Энергетика министрі ауысты