АЛМАТЫ, 4 сәуір — Sputnik. Мемлекет басшысының Жарлығымен бірнеше министрлікте министрлер тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
Қазақстанның ұлттық экономика министрі лауазымына Әлібек Сакенұлы Қуантыров тағайындалды. Ол былтыр 11 қаңтардан бастап осы лауазымды атқарып келген.
Ал мәдениет және спорт министрі болып Асхат Раздықұлы Оралов тағайындалды. Асхат Оралов бұл қызметке биыл қаңтарда ғана сайланған болатын.
Сондай-ақ биыл қаңтарда министр болып сайланған Азамат Несіпбайұлы Есқараев әділет министрі лауазымына қайта тағайындалды. Үш министр де бұрыңғы қызметтерінде қалды.
Сонымен қатар еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев та қайта тағайындалды.