Петропавлда дәрігерлер жүрегі 18 минутқа тоқтап қалған адамды аман алып қалды

Sputnik
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Петропавлда дәрігерлер жүрегі 18 минутқа тоқтаған адамды аман алып қалды, деп хабарлайды Астана тв.
Тыныс демікпесімен ауыратын 54 жастағы әйел кенеттен тұншыққан. Жедел жәрдем қызметі жеткенше, науқастың жүрегі тоқтап қалды.
Сала мамандары дефибрилляторды төрт мәрте қолданып, сәтсіздікке ұшырайды. Артынша қосымша дәрігерлерді шақыртып, біршама уақыттан соң әйелді тірілтіп алды.
Арнайы құрылғымен тыныс алған науқас бірден аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Қазір дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.