Оралда қонақ үйде адам өлтірді деген күдікке ілінген әйелдің ісі сотқа жіберілді

Sputnik
АЛМАТЫ, 4 сәуір – Sputnik. Оралда қонақ үйде қайтыс болған ер адамға қатысты іс сотқа жіберілді, деп хабарлады қалалық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты.
Қылмыстық іс бес ай тергеуде болып, сотқа 3 наурызда түскен. Оны судья Шара Зайнуллина қарайды.
Судья хатшысы Нұргүл Мәжітованың айтуынша, істі тыңдау күні әлі белгіленген жоқ.
Еске сала кетейік, қылмыстық оқиға былтыр 16 қарашада қаладағы қонақ үйлердің бірінде болған. Қонақ үй бөлмесінен 35 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Бөлмеде марқұммен бірге 28 жастағы әйел болған. Әйел бес ай тергеуде болды.
Ақтөбеде әйелді ұлымен бірге пышақтап өлтірді – жасөспірім қыз тірі қалды