Ғани Бейсембаев оқу-ағарту министрі лауазымында қалды

Sputnik
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ғани Бейсембаев оқу-ағарту министрі лауазымына қайта тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.
"Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалсын", - деп жазылған жарлықта.
Ғани Бейсембаев оқу-ағарту министрі болып осы жылдың қаңтарында тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті Асхат Аймағамбетов атқарған болатын.

Ғани Бейсембаев туралы не білеміз?

53 жастағы Ғани Бейсембаев – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі, PhD докторы.
Еңбек жолын Қызылорда облысының Шиелі аудандық мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі болып бастаған. Мектепте қазақ тілінен сабақ берді.
1995 жылы Іле ауданында орта мектептің директоры болып тағайындалды.
Қапшағай қалалық білім басқармасын басқарды.
2006 жылы техникалық-экономикалық колледждің бас директоры болды. Сол жылы "EDTECH" халықаралық білім беру орталығына басшылық ете бастады.
2020 жылы "Оқулық" ғылыми-практикалық орталығының директоры қызметіне тағайындалды. Оны 9 ай басқарды.
Жыл соңында Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті болды. 2022 жылдан бері оқу-ағарту вице-министрі қызметін атқарды.
Тоқаев тағы үш министрді қайта тағайындады