Үкіметте санкцияның Қазақстанның сауда ағынына әсері талқыланды

Sputnik
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Қазақстанның сыртқы саудасының өзекті мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.
"Үкімет басшысына санкциялық саясаттың еліміздің сауда ағынына әсері, оның ішінде сауда құрылымындағы өзгерістер мен тауарларды жеткізу логистикасы туралы баяндалды", - деп жазылған хабарламада.
Әлихан Смайылов мемлекеттік уәкілетті органдарға жағдайды бақылауда ұстап, сауда тәртібін бұзу фактілеріне байланысты жедел әркет етуді, сондай-ақ бизнес өкілдерімен кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.