АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Спортшы Эльжана Таниева әлем кубогының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Қазақстанның гимнастика федерациясы.
"Гимнастымыз Эльжана Таниева таспамен, доппен және ұршықпен жаттығулардың ақтық сынында өнер көрсетті. Финалдың қорытындысы бойынша Эльжана Таниева 30.900 ұпай жинап, 2-орынға ие болды", - деп хабарлады федерация өкілдері.
Ведомстводағылардың мәліметінше, Таниевамен бірге үздік үштікке өзбекстандық Тахмина Икромова мен бразилиялық Барбара Домингос енді.