АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 28 адамнан анықталды.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 3 сәуірдегі мәлімет бойынша 1 802 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 179 пациент стационарда, 1 623 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Науқастардың арасында:
3 адамның жағдайы ауыр,
2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
2 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
2020 жылдың наурыз айынан бері елде барлығы 1 410 012 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.