АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Орал қаласында екі бірдей баласын сатып жіберген келіншек ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмғамбетовтың айтуынша, 31 жастағы әйел Қарақалпақстан азаматы. Қазақстанда екі бірдей баласын сатып жіберген.
"Ол 2018 және 2019 жылғы екі баласын сатып жіберді. Бірінші баласын бес жыл бұрын Атырау облысынан келген ерлі-зайыптыға сатқан. Ал екінші факт 2022 жылы болды. Ол кезде үш жастағы қызын Орал қаласының тұрғындарына 1 миллион теңгеге сатып жіберген ", - деді Нұрмағамбетов ішкі істер министрлігінде өткен онлайн брифингте.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 135-бабы (Кәмелетке толмағандар саудасы) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Айта кетері, бірнеше рет бала сатқаны үшін тоғыз жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.