Атырау және Астрахань облыстарының басшылары ынтымақтастықты дамыту жоспарына қол қойды

Астрахань облысы мен Қазақстан – сауда, кеме жасау, білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау салаларындағы әріптестер
Sputnik
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. "Каспий – достық теңізі" мотошеруіне қатысушылар 360 шақырым жол жүріп, алғашқы сапар нүктесі – Атырауға жетті.
"Астрахань және Атырау облыстары арасындағы стратегиялық әріптестікті дамытудың белгісі ретінде біз Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновпен 2023-2026 жылдарға арналған ынтымақтастықты дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойдық", - деп жазды Астрахань облысының губернаторы Игорь Бабушкин өзінің Telegram-арнасында.
Оның айтуынша, Астрахань облысы Қазақстанмен ынтымақтастық пен жаңа келісімшарттар жасауға мүдделі.
"Біз Қазақстанға балық, картоп, көкөніс, қарбыз, полимерлі композициялық материалдар, сорбенттер, түйіршіктелген ПВХ және ЭВА, гофрленген қаптамалар мен азық-түлік таспасын, теміржол пойыздарына арналған құраушы бөлшектер сатамыз", - деді губернатор.
Ол Қазақстанда астрахандық өндірушілердің арнайы киімдері мен резеңке аяқ киімдері сұранысқа ие екенін атап өтті. Бұл ретте аймақ қазақстандық механикалық құрылғыларды, қара металдан дайындалған бұйымдарды және жеңіл өнеркәсіп өнімдерін сатып алады.
Губернатор кеме жасау салаының дамуын да еске салды.
"2021 жылы "Қазақстан су жолдары" республикалық кәсіпорнының тапсырысы бойынша Астрахань кеме жөндеу зауыттары екі техникалық флот кемесін пайдалануға берді. 2022 жылы Астрахань облысында өздігінен жүрмейтін екі шаланданы суға жіберді. Олар қазір Жайық – Каспий арнасында теңіз түбін тереңдету жұмыстарын жүргізуіп жатыр", - деп жазды Бабушкин.
Қазір ресейліктер Қазақстанда пайдалануға арналған техникалық флот және сүйреуге арналған теплоход құрастырып жатыр.
Қол қойылған жоспарды жүзеге асыру Астрахань – Атырау байланысын нығайтуға қызмет етеді, дейді губернатор.
"Көршілерге бізді жылы қарсы алғандары үшін алғыс айтамын. Біз достық пен тату көршілік аясында ынтымақтастықты жалғастырамыз", - деп түйіндеді Бабушкин.
Еске салсақ, Астрахань қаласында Каспий теңізі маңы елдерін аралайтын мотоцикл жорығы басталды. Жоба Каспий маңы елдерімен тату көршілік қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған. Жобаға қатысушылар 11 күн ішінде мотоциклмен 5 мың шақырымға жуық жол жүруді жоспарлап отыр.