АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. АҚШ-тың сегіз штатында қатты торнадодан қаза тапқандар саны 26-ға жетті, деп хабарлады РИА Новости.
"Он мыңдаған адам жарықсыз қалды", - деп хабарлады жергілікті телеарна өз ақпарат көзіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар ондаған адам жарақат алды. Бұған дейін 18 құрбан болғаны айтылған еді.
PowerOutage.us мониторинг қызметінің мәліметінше, Пенсильванияда 140 мыңға жуық тұтынушы, Огайо штатында 82 мыңға жуық және Вирджинияда 65 мыңнан астам тұтынушы жарықсыз қалды.
Сенбіде ABC News арнасы Арканзас, Миссисипи, Айова, Теннесси, Иллинойс және Висконсин сияқты штаттарда торнадо соққанын хабарлады.
АҚШ Ұлттық метеорология қызметі атап өткендей, жұма күні кешке торнадо туралы ескертілген аймақта 28 миллионнан астам адам тұрады.