Алматыда жер сілкінісі сезілді

Sputnik
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Алматының оңтүстігінен 17 шақырым жерде жер сілкінісін тіркеді.
Станцияның мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 3,6 балл болған.
Алматылықтар 2 балдық жерасты дүмпуін сезді.
Тәжікстанда болған жер сілкінісі Алматы мен Шымкентте сезілді