АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Астанадағы "Сарыарқа" сауда-ойын-сауық орталығында эскалатор кенеттен қатты жүріп кетіп, 30 жастағы ер адам дене жарақатын алды.
Эскалатор кенеттен бір қабатқа төмен түскен. Ол кезде эскалаторда жиырма шақты адам болған.
"31 наурызда түнде сағат 23.52-де алдын ала мәлімет бойынша эскалатордың 3-ші қабаттан 2-ші қабатқа күрт түсуі салдарынан 1992 жылы туған ер адам тобық буынынан жарақат алып, 103 қызметі тексергеннен кейін үйіне жіберілді. Сауда орталығына келген басқа азаматтардың медициналық көмекке жүгінгені туралы ақпарат түскен жоқ", - деді төтенше жағдай департаментінің мамандары.
Адамдар кинотеатрдан шыққан, ал сауда павильондары жабық болған, деп хабарлады департаменттегілер.