Алматы-Көкпек – Көктал автожолының 196 шақырымында жол апаты болып, бес адам көз жұмдыү
Қайғылы оқиға 1 сәуір сағат 08:00 шамасында болған. Audi 100 автокөлігінің жүргізушісі, Ұйғыр ауданының 43 жастағы тұрғыны Алматы-Көкпек – Көктал автожолының 196 шақырымында қарсы қозғалыс жолағына шығып, 1964 жылғы Б. есімді азаматтың басқаруындағы Audi С4 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
Жол апатынан Audi 100 жүргізушісі мен оның 3 жолаушысы, сондай-ақ Audi С4 жүргізушісі көз жұмды.
Әртүрлі дене жарақаттары бар төрт жолаушы Шонжы ауылында орналасқан Орталық аудандық ауруханаға жатқызылды.
Аталған дерекҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша тіркелді. Қазір қажетті сараптамалық зерттеулерді тағайындаумен тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.