Қоғам

ҰҚК Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдаған контрабандашыларды ұстады – видео

Sputnik
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі контрабандасына қатысы бар халықаралық есірткі синдикатының жолын кесті.
Жедел тексеру барысында шетелдік азаматтардың Қазақстан аумағына теңіз жолымен опиаттар мен басқа да тыйым салынған заттарды жеткізудің тұрақты арнасын ұйымдастыруға қатысы бары анықталды.
"Жедел қызметкерлер Каспий су айлағы арқылы есірткі тасымалдау бағдарлары мен тәсілдерін егжей-тегжей айқындады. Есірткі тобының мүшелері қазіргі заманғы спутниктік навигация құралдарымен және GPS-пен жабдықталған шағын жылдам жүретін кемелерді пайдаланған", - дейді ҰҚК.
26 наурызда Маңғыстау облысында операцияның соңғы кезеңінде ҰҚК мен "А" арнайы бөлімшесінің қызметкерлері есірткі арнасын ұйымдастырушы мен оның үш көмекшісін ұстады.
Контрабандашылардың су көлігін тексеру кезінде 30 келіден астам апиын және 10 қаптама "метадон" психотроптық заты табылды.
Прокуратура органдарымен бірлесіп тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.