АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында бастауыш сынып оқушыларын мектепте тегін тамақтандыру жоспарланып отыр. Бұл туралы жаңа сайланған облыстық мәслихаттың бірінші сессиясында өңір әкімі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.
"Оқушылар мен ата-аналарды жақсы жаңалықпен қуантқым келеді. Жаңа оқу жылынан бастап 1-ші сыныптан 4-сыныптың оқушыларына тегін ыстық тамақ береміз. Петропавл қаласы мен облыстың барлық ауданындағы мектептердің бастауыш сыныптары қамтылады. Осының арқасында ата-аналар отбасылық бюджетін үнемдей алады", - деді Сапаров.
Айта кетері, қазіргі таңда облыста тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардың балаларына ғана тегін ыстық тамақ қарастырылған.