АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. "ҚазТрансОйл" АҚ сәуірде Германияға тасымалданатын мұнай мөлшерін 100 мың тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
"Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекіткен мұнай тасымалы кестесіне сай, "ҚазТрансОйл" АҚ сәуір айында 100 мың тонна мөлшерінде қазақстандық мұнайды "Дружба" мұнай құбырымен "Адамова застава" мұнай бекеті арқылы әрі қарай Германияға жеткізуді жоспарлап отыр", - деп жазылған хабарламада.
Осы жылдың ақпан-наурыз айларында "ҚазТрансОйл" АҚ Германияға 40 мың тонна мөлшерінде қазақстандық мұнай жөнелтті.
2022 жылдың желтоқсан айында "ҚазТрансОйл" АҚ 2023 жылы 1,2 млн тонна қазақстандық мұнайды "Транснефть" ЖАҚ магистралды мұнай құбырымен "Адамова застава" мұнай бекеті арқылы Германияға жеткізуге өтінім берген болатын.