АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Қазақстанда екі жыл бойы темір жолдардың жағдайын жақсартуға арналған материалдарды ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың мүшелері ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.
Тергеу материалдарына сәйкес, ұрланған төсемдер, шпалдар, рельстер және басқа да тауарлар қағаз жүзінде қолданылған материал деп жазылған. Бірақ, шын мәнінде, жалған мәліметпен есептен шығарылды.
"Қылмыстық топқа "Қазақтан темір жолы" ұлттық компаниясы Қарағанды бөлімшесінің 17 қазіргі және бұрынғы жұмысшылары тартылған. Оларға полиция қызметкері қамқорлық жасаған. Алдын-ала есептелген шығын 127 млн теңгеден астам сомаға бағаланды, бұл - 800 тоннаға жуық материалдар", - дейді прокурорлар.
Қазіргі кезде ұрланған тауарлардың басым бөлігін сатып алған адамдар және материалдың жатқан жері, сондай-ақ, оны тасымалдайтын жүк көліктері анықталды. Соттың санкциясымен Жаңаарқа жол дистанциясының учаске бастығы және оның орынбасары, сондай-ақ желілік полиция бөлімшесінің бастығы тергеу изоляторына қамалды.