Бір күнде 2 бала терезеден құлап кетті – балалардың жағдайы ауыр

Sputnik
АЛМАТЫ, 30 наурыз – Sputnik. Қазақстанда бір күнде екі бүлдіршін көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
29 наурызда сағат 16:40-та Қарағанды облысы Саран қаласында көпқабатты үйдің 4-ші қабатынан 3 жасар бүлдіршін құлап кетті.
"Оқиға болған кезде үлкен балалар үйде болған. Қыздың жағдайы ауыр", - дейді ведомство.
Дәл осы күні сағат 20:26-да Ақтөбедегі көпқабатты үйдің 5-ші қабатындағы пәтердің терезесінен 2 жасар бүлдіршін құлаған.
Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне абай болуды ескертеді.
Өңірлер
Қызылорда облысында 2 жасар сәби құдыққа құлап, мерт болды