АЛМАТЫ, 30 наурыз – Sputnik. Ақтөбеде Қарғалы өзені деңгейінен күрт көтеріліп, бірнеше саяжайды су басып қалды. Тұрғындарды қайықпен эвакуациялап жатыр, деп хабарлады "Мой город" порталы.
Су басқан саяжайлардан 95 адам эвакуацияланды, оның 40-ы бала.
"Қарғалы", "Солнышко", "Нефтяник" ұжымдарындағы 20 саяжай учаскесін су басты. Енді "Гидрогеолог"бау-бақша ұжымындағы учаскелерді су басу қаупі бар. Қазіргі күні бес көлік және екі қайықпен 20 құтқарушы жұмыс істеп жатыр. Су басқан аудандардан 95 адам, оның ішінде 40 бала эвакуацияланды. Әскерилер қазіргі күні судың бетін қайтару жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деп хабарлады Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаменті.
Эвакуацияланған тұрғындар олимпиадалық резерв мектебі мен байланыс колледжінің жатақханаларына орналастырылған, кейбіреулері туыстарына тұрақтаған.